Алматыда ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды

Алматыда ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері ұрланған 5 ұялы телефонды иелеріне қайтарды.

Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы ұрланған телефондарды сататын халықаралық арнаны тоқтатты. Ұрланған телефондар Бішкектен табылды.

Криминалдық полиция ұрланған телефондарды сатып алу және одан әрі сатуға қатысы бар адамды әшкерелеу бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі екендігін хабарлады.

«Оның өз тізбегі болды. П.есімді азамат қырғызстандық “әріптесімен” өзара әрекеттесуді орнатқан біздің отандасымыз оған Алматыда ұрланған ұялы телефондарды жіберген, оның орнына ол Бішкек тұрғындарынан ұрланған гаджеттерді алған. Қырғыз Республикасының астанасына жөнелтілген жедел уәкілдер ол жерден қаламызда ұрланған түрлі үлгідегі 278 мобильді құрылғыны алып келді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қайтарылған ұялы телефондарды анықтау басқармасының қызметкерлері Алматыда тергеліп жатқан қылмыстық істерге қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.

«Жақында ғана бес Алматы тұрғынына ұрланған телефондары қайтарылды. Белгілі болғандай, олардан ұялы телефондарын қоғамдық көліктер мен аялдамаларда ұрлап кеткен. Бұл азаматтар, әдетте, адамдар көп шоғырланатын орындарда жүретін қалта ұрыларының құрбаны болды. Әрқашан сақ және қырағы болу маңызды», – деді Қуатбек Науатов.