«Қайрат» футзал командасы Словения командасын сүріндірді

«Қайрат» футзал командасы  Словения командасын сүріндірді
Сурет: 24.kz

«Қайрат» футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын Словенияның «Добовец» командасына қарсы өткізді.

Ойынның 3-минутында словениялық қорғаушы өзінің қақпасына гол соғып алды. «Қайраттың» ойыншылары 15, 17-минутта есепті үстемелей түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпаратынша, екінші кезеңде қазақстандық команда сол басымдықты арттырды. Кейін қақпаға төрт доп салды. Айта кетсек, қазақстандық ұжым қазірге дейін «Бенфикадан» 2:3 есебімен жеңілсе, «Приштинаны» 11:2 есебімен сүріндірді.

Турнир кестесінде «Бенфика» мен «Қайрат» командаларында алты ұпайдан бар. Өзара кездесуінде жеңіске жеткен португалиялық клуб «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алды.