Қауіпсіздік Кеңесінде кадрлық тағайындаулар болды

Қауіпсіздік Кеңесінде кадрлық тағайындаулар болды
Сурет: Ашық дереккөзі

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қауіпсіздік Кеңесінің қызметкерлері тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.