Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсете бастады

Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсете бастады
Сурет: 24.kz

Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарна.

Әлемдік Nickelodeon HD телеарна қазақ тілінде көрсетіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат арнаның сайтына сілтеме жасап.

«Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін Tiji, Nickelodeon арналарының балалар контенті қазақ тілінде жарық көретіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.