Каталин Новак қате пікірі үшін қызметінен кетті

Каталин Новак қате пікірі үшін қызметінен кетті
Сурет: instagram/katalin.novak

Еуропа елдерінің саясаткерлері арасында бедел институты қалыптасқан. Жаңылған қадам, шығарылған қате шешім, тіпті қарама-қайшы сөйлемнің соңы мансабыңыздың аяқталуына алып келуі мүмкін.

Жақында 46 жастағы Венгрия президенті Каталин Новак қоғам пікірімен жасалған қысымға төтеп бере алмай қызметінен кетті.

Екі жылға жуық уақыт бұрын ел тарихында бұл лауазымды атқарған алғашқы әйел болған саясаткер балалар үйіндегі сексуалдық қылмыстар туралы жанжалды жабуға тырысқан тұтқынға рақымшылық жасау туралы шешіміне байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болды.

«Мемлекет басшысы ретінде мен бүгін соңғы рет сөйлеп тұрмын. Мен республиканың президенті қызметінен кетемін. Мен қателесіппін. Бұл жерде ешқандай күмән жоқ және болуы да мүмкін емес. Балаларды қорлаған кез келген адамды кешіре алмаймын. «Балаларды қорғау - біздің ортақ міндетіміз», - деп өз қызметінен кету себебін түсіндірді M1 телеарнасы арқылы.

Новак қателігін мойындап, венгрлерден кешірім сұрады.