Алматыда урологтардың пленумы өтті

Алматыда урологтардың пленумы өтті
Сурет: Ашық дереккөзі

Он жылда Алматы қаласы бойынша ер адам бедеулігі 47,3%-ға өскен

Бүгін Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында Қазақстан урологтарының пленумы өткізіліп, онда Қазақстанның барлық түкпірінен келген танымал ғалымдар мен уролог-мамандар қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Пленумға қатысушылар урологиялық қызмет үшін айтарлықтай мәселелердің, әсіресе, урологияның мамандары потенциалының дамуы, білім бағдарламаларын жүзеге асыру, резиденттерді дайындау сапалығын жақсарту, урологиялық нозология бойынша тарифтерді ұлғайту, емдеу хаттамаларын жаңарту, жаңа диагностикалық ыңғайлар және урологияға инновациялық технологияларды енгізуді қарастырды. 

Сонымен қатар, мәжілісте жетекшілік ететін халықаралық мамандармен іс-тәжірибемен алмасу жөнінде айтылды. 
Пленарлық мәжілісте Қазақстан урологтар Қауымдастығының Президенті Мырзакәрім Алшынбаев, «С.Д. Асфендияров атынд. ҚазҰМУ» КЕАҚ ректоры Марат Шоранов, «Астана Медициналық универститеті» КЕАҚ ректоры Қамалжан Надыров, «Қазақста-Ресей медициналық универститеті» КЕУҚ ректоры Нұрлан Жайнақбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан, облыстардан келген бас урологтар, сондай-ақ, Алматы қаласының медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері баяндама сөз сөйледі. 

Айта кететін жайт, қалалық клиникалық ауруханада биылғы жылы Урология және андрология орталығы ашылып, онда несеп жолы жүйесінің түрлі аурушаңдығымен ауратындарға консультативтік, диагностикалық, емдік және алдын алу көмегі көрсетілуде.

Орталық әлемдік стандарт талаптарына сай келетін КТ, МРТ, эксперт класты УЗИ аппарат, қашықтық толқынды-соққылы литотриптер, роботталған оңалту кешені, вапоризация және резекция жасауға арналған тулийлі лазерлі көпфункциялық хирургиялық жүйе секілді жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Сондай-ақ, Орталық несеп жолы жүйесіне КТ, рентгендік зерттеуге түсіру, құрал-саймандық және зертханалық тексерістер жүргізу мүмкіндігі қаралған және қадамдық қана жерде орналасқан, мұнда талдамаларды алу, спермограмма талдамасын жүргізу қарастырылған. 

Мырзакәрім Алшынбаев сөйлеген сөзінде атап өткендей, бүгінгі күні ер адамның денсаулығы проблемасы әлем бойынша өте күрделі болып табылады және де жыл сайын пациенттердің саны өсуде. Он жылдық кезең ішінде Алматы қаласы бойынша ер адам бедеулігі 47,3%-ға, несеп-тас ауруы - 33,9%-ға өскен. Кездесу аяқталғаннан соң қатысушылармен урологиялық қызметті бұдан да мықты дамыту қорытындысы жасалды.