Алғабас көшелеріне келесі жылы жарық беріледі

Алғабас көшелеріне келесі жылы жарық беріледі
Сурет: Inform.kz

Қаладағы жарықтандыруды қажет ететін 531 көше болса, оның 48-і Алатау ауданында.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мен Алғабастағы Жаңақұрылыс тұрғынымын. Біздің көшелерімізге қашан жарық қойылады?» - деп сұрады аудан тұрғыны қала басшысынан.

«Біз соттасып болған соң, «Алматыжарық» қайтадан өзімізге өтті. Қалада барлығы жарықтандыруды қажет ететін 531 көше болса, оның 48-і Алатау ауданында. Алғабастағы жарықтандыру мәселесі жаңа жолдарды салу жобасының ішінде қарастырылған. Жол құрылысы аяқталған соң, көшелерге жарық жүргізіледі. Бұл жұмыстарды келесі жылға жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев.