Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде жер сілкінді
Сурет: Astanatv.kz

Нақтырақ айтқанда, теңіздің Әзірбайжандағы бөлігінде жер сілкінген. 

АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі Каспий теңізінде жер сілкінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

28 желтоқсан күні Каспий теңізінің Нардаран станциясынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде 16 шақырым тереңдікте жер сілкінісі болды.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:28-де магнитудасы 3,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді.