Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді
anatili.kazgazeta.kz

«Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Олардың бойына татулық пен келісім, төзімділік, толеранттылық пен мәдени ықпалдастық құндылықтарын сіңіру айрықша маңызды», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы саяси және қоғамдық плюрализм радикалды формаларға бағыт алуына жол бермеу керек екенін атап өтті.

Осы орайда Қасым-Жомат Тоқаев қандай да бір азаматтарды кемсітуді, ар-намысы мен абыройын қорлау жағдайларын қоғам қабылдамауы керек екенін қадап айтты.