Қартаю процесін баяулатудың қарапайым әдісі

Қартаю процесін баяулатудың қарапайым әдісі
Сурет: Egemen.kz

Тез қартаймау үшін ағзадағы сұйықтық мөлшеріне мән беріңіз!

Сұйықтықты аз тұтыну ағзадағы натрий мөлшерінің көбеюіне әкеледі. Ал бұл процесс адам ағзасының қартаюын жылдамдатады.

Бұл зерттеуді америкалық ғалымдар жүргізген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рен-тв сайтына сілтеме жасап. 

Мамандар орта және егде жастағы 11 мың адамның қатысуымен зерттеу жүргізген. Олар 15 параметрді негізге алып, артериялық қан қысымы, қандағы холестерин, қант мөлшері және т.б. бойынша зерттеуге қатысушылардың биологиялық жастарын анықтаған.

Ағзадағы натрий мөлшері 142 ммоль/л-ден асқанда, созылмалы аурулардың даму қаупі 39%-ға артатыны анықталды. Ал 144 ммоль/л көрсеткішінде ерте өлім қаупі әдеттегі мәндерден  21%-ға асып кеткен.

Сонымен бірге, ғалымдар басқа зерттеушілердің жарияланымдарын зерттей отырып, ағзада натрий мөлшерінің артуы сұйықтық мөлшерінің жеткіліксіз болуымен байланысты екенін растады. Одан бөлек, бұған дейін анықталғандай, сол себептен де ағзадағы қартаю және дегенеративті процестер жылдамдайтыны анықталды, бұл өз кезегінде өмір сүру ұзақтығын қысқартады.

Бұған дейін АҚШ зерттеушілері күніне 6 мың қадам жаяу жүретін қарт адамдардың инфаркт мен инсультті қоса алғанда,  жүрек-қан тамырлары ауруларынан екі есе азырақ зардап шегетінін анықтаған болатын