Өткен жылы қазақстандықтардың табысы 17 пайызға ұлғайды

Өткен жылы қазақстандықтардың табысы 17 пайызға ұлғайды Сурет:Diapazon.kz

Өңірлер бойынша жоғары табыс елорда халқына тиесілі. 


Өткен жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың табысы 245,5 мың теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.


Анықтама үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 210,7 мың теңгені құрап, жылына 11,5 пайызды құраған.



Өткен жылдың үшінші тоқсанында халық табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық.


Өңірлер бойынша жоғары табыс елорда халқына тиесілі. Астаналықтар жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге жалақы алады.


Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.


Екінші орында Қарағанды облысы - 332,3 мың теңге, демек 21,4% өсім бар.


Көшбасшылардың үштігін ШҚО түйіндеп тұр. Аталған өңірде жалақы 312,7 мың теңге, жылдық өсім - 31,8%.


Ең аз табыс Түркістан облысында байқалып отыр. Жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге.



Бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,6%-ға жоғары, алайда еліміз бойынша орташа көрсеткіштің үштен бірінен аз.


Қазақстандықтар табыстың көп бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен алды - 180,4 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.


Оның ішінде 157,2 мың теңге - жалдамалы жұмыстан түскен табыс.


Сонымен қатар дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс - 23,2 мың теңге.


Әлеуметтік трансферттер бір жылда небәрі 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.


Оның ішінде 44,8 мың теңге зейнетақы, 9,1 мың теңге жәрдемақы, 1 мың теңге стипендия, 239 теңге АӘК (атаулы әлеметтік көмек) және тұрғын үй көмегін құрады.


Одан бөлек, елімізде туыстары мен таныстарынан материалдық көмек және алимент 6,2%-ға, яғни 5,5 мың теңгеге дейін өсті.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07