Қарышты дамуға нық қадам

Қарышты дамуға нық қадам
vlast.kz/

Қазақстан өз дамуында кешенді реформа­лар арқылы саяси, экономикалық және әлеу­меттік салаларын жан-жақты жетілдірудің ауқымды процесін жүзеге асыруда.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт То­қаев бірнеше жылдың барысында ауқымды өзгерістерді іске асырып келеді. Олардың барлығы қоғамда жинақталған түйткілді проблемаларды, азаматтардың көтеріп жүр­ген өзекті мәселелерін шешуге, халықтың мүддесін қорғауды нығайтуға, әділеттілік принциптерінің мызғымастығын қамтамасыз етуге және отандастарымыздың өмір сапа­сын жақсартуға бағытталған. Бұл процестер Мемлекет басшысы өзі бастама көтеріп ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемле­кет» принципінің жан-жақты орындалып келе жатқандығының айқын көрінісі деп бі­лемін.

Халыққа арналған қыркүйек айындағы Жолдауда еліміздің модернизациясы өзінің жалғасын тапты. Президенттік мерзімді екі мерзімнен бір мерзімге қысқартып, жеті жылдық көлемде бекіту ұсынылды. Бұл мем­лекетіміздегі саяси әралуандықтың нығаюы мен демократия принциптерінің кеңеюі деп есептеймін.

Осымен бірге Қазақстан тарихында ал­ғаш рет сайлаудың алдын ала жариялану фактісінің куәгері болдық. Президент бір ай бұрын сайлау процестерінің басталуын жа­рия етті. Аталмыш ұсыныстың елдегі саяси ұйымдардың жұмысын жоспарлы ұйымдас­тыруға негіз болатынын отандық сарапшы­лармен қатар, шетелдік саясаткерлер мен кәсіби мамандар да атап өтті.

Қазір әлемдегі геосаяси ахуал аса күр­делі, біздің өңіріміздегі жағдай да алаңдау­шылық тудырады. Осы мақсатта Қазақстан ішіндегі тұрақтылықты нығайту стратегия­лық маңызға ие.

Еліміздегі саяси жүйе толығымен жаңғы­руы қажет. Осы мақсатта кезектен тыс Пре­зидент сайлауы 20 қарашаға белгіленіп, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлаулары келесі жылдың бірінші жарты­жылдығына жоспарлануда.

Қазақстан қоғамы ішкі процестерін беріктендіріп, алдағы дамудың нық алғы­шарттарын қалыптастыруда.