Қарап жүрмей, қалта телефондарын қағып жүрген

Қарап жүрмей, қалта телефондарын қағып жүрген
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысының тұрғыны музыка фестиваліне қатысушылардың телефондарын ұрлап кеткен.

Алмалы аудандық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 41 жастағы Д. есімді азаматшаны ұстады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз деректердің жолын кесу мақсатында жедел уәкілдердің ресурстары күшейтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz мәліметіне қарағанда, мереке күндері адамның көптігін пайдаланып, Д. есімді азамат үш телефон ұрлап кеткен.

«Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Д.есімді азаматша – Алматы облысының тұрғыны, бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.