Карантин тәртібін бұзған алматылықтарға айыппұл салынды

Карантин тәртібін бұзған алматылықтарға айыппұл салынды
ognialatau.kz

Алматы қаласында «қызыл статусы» анықталған тағы 18 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда - ХҚКО, әуежай, СОО, базарлар, дүкендер және т.б. нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысқан. «Қызыл статусы» анықталған аталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмейді.

Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытулары керек.

Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс.