Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген бұзақы ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген бұзақы ұсталды
Сурет: Zakon.kz

1 ақпанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағандыда 2024 жылғы 27 қаңтарда сағат 00:20 шамасында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті Нұрболат Дәкебаев ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазіргі уақытта Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Н.Дәкебаевты өте қатаң жаза түріне тарту қажет деп есептейміз.

Жедел жәрдем қызметкерлері әр-бір шақыру сайын басқа адамдардың өмірін қүтқара отырып, өздерінің өмірін "бәске" тігіп жүрген жандар. Олар қоғам, азаматтар, мемлекеттің жоғары дәрежедегі қорғанышын сезінуі тиіс.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан еді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптап, бұл оқиғаны жеке өзі қадағалайтынын айтты.