«Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» қалалық байқауы өтті

«Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» қалалық байқауы өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ақпан айының бірінші бейсенбісінде барлық елдерде сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл ол 1 ақпанда тойланды.

Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Бұл конкурстың басты мақсаты Алматы қаласы мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесінің ерекшеліктері туралы құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру, болашақ сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды қалыптастыру.

Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1-26 қаңтар аралығында аудандық және 1 ақпан күні Наурызбай ауданының Älem оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында ұйымдастырылды. Аудандық кезең қорытындысы бойынша байқау финалына қаланың 8 мектебі өтті. Олар «№166 лицей» КММ, «№144 мектеп-гимназия» КММ, «Гимназия №132»  КММ«Гимназия №132», «№51 мектеп-гимназия» КММ, «№87 ЖББМ» КММ, «№19 ЖББМ» КММ, «№200 мектеп-гимназия» КММ, «№115 ЖББМ» КММ.

Іс-шараны ашқан қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова мектептегі өзін-өзі басқару жастардың көшбасшылық дағдылары мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Ол сондай-ақ қатысушылардың барлық ұсыныстары мен бастамалары ескеріліп, қала мектептерінің одан әрі практикалық қолдануы үшін ұсынылатынын баса айтты.

Байқау аясында оқушылар өздерінің инновациялық сайлау әдістері мен басқару жүйелерін ұсынды. Қатысушылар шығармашылық идеяларын, ұйымдастырушылық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Байқау қатысушыларға демократиялық басқару, шешім қабылдау және топтық жұмыс саласындағы дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерінен, білім беру саласындағы мамандардан, мәслихат депутаттарынан, қоғамдық кеңес өкілдерінен тұратын қазылар алқасы әр мектептің жобаларын өзіндік ерекшелігі, тиімділігі мен қолданылу қағидаттары бойынша бағалады. Жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ, өйткені барлық қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «№19 ЖББМ» КММ, екінші орынды «№51 мектеп-гимназия» КММ, үшінші орынды «№200 мектеп-гимназия» КММ иеленді. Сондай-ақ, финалистерге Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының алғыс хаттары табысталды.