Қара көйлектің құны қанша?

Қара көйлектің құны қанша?
Сурет: Getty Images

Диана ханшайымның қара көйлегі Голливудтағы Julien's Auctions-та 1,148 млн долларға сатылды, бұл бастапқы бағадан 11 есе көп, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Жұлдызша өрнегі бар барқыт көйлек Уэльс ханшайымының сатылған көйлектерінің ең қымбаты болды. Оның иықты ұстап тұратын бөліктері, көгілдір органзадан тігілген юбкасы, үлкен банты және белдемесі бар.

Аукционды ұйымдастырушылар көйлекті бастапқыда 100 мың долларға бағалаған.

Диана оны алғаш рет 1985 жылы Флоренцияда кешкі асқа киген. Бұл кезде ол Уэльс ханзадасы (қазіргі Англия королі Карл III) күйеуі Чарльзбен бірге корольдік турда болды.

1986 жылы көпшілік бұл көйлекті тағы көрді - Диана оны Ванкувер симфониялық оркестрінің өнер көрсетуіне киіп шықты.

Коллекциялық үлгі әлемге әйгілі тоқыма саудагері Джейкоб Шлапфер таңдаған матадан тігіліп, Jacques Azagury («Жак Азагури») брендінің дизайнерлері кестелеген металл жұлдыздармен безендірілген.

Марокколық сәнгер Жак Азагури Диананың сүйікті дизайнерлерінің бірі болған және ол оған бірнеше көйлек тіккен.