Қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Сурет: Minber.kz

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағының фототұзағына қар барысы түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрдан оның камера алдына келіп, еркелеп, ойнап жатқан сәтін байқауға болады.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі қар барысының саны 180-ге жуықтайды. Бұл жануар Қазақстанда ғана емес, әлемде сирек кездеседі.