Қаңтарда ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды

Қаңтарда ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды
Сурет: Оrtcom.kz

1 259 табельдік қару ұрланған.

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельдік қару ұрланды, соның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтар болды.

Атап айтқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам патрондар ұрланды.

«Жамбыл облысында 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды. Резиденцияда қиратулардан кейін 130 дана қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды, оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы. Барлық бұл фактілер бойынша тергеп-тексерулер жүруде. Ұдайы қару-жарақ қоймалары табылып, оларға қатысы бар адамдар анықталуда. Қазіргі уақытта 481 бірлік қару табылды. Бұл - барлық ұрланған қарудың үштен бірі. Қалғандары қылмыскерлердің қолында», - деді спикер.