Ұлттық қордың 2021 жылғы кірісі 4,2 пайыз болды

Ұлттық қордың 2021 жылғы кірісі 4,2 пайыз болды Сурет: Sn.kz

Қордың активтері 55,3 млрд долларға дейін төмендеді.


ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, 2021 жылы Ұлттық қордың кірісі 4,2 пайызды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«2021 жылы 2,7 трлн теңге түсім және 4,5 трлн теңге трансферттердің бөлінуіне байланысты Ұлттық қордың активтері 55,3 млрд долларға дейін төмендеді. Нарықтардың құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қор кірістілігі 4,2 пайыз немесе 2,3 млрд доллар көлемінде қамтамасыз етілді. 2022 жылы активтердің теңгерімді аллокацияға өтуі аяқталады және акциялар нарығының төмендеу әсерін барынша азайту үшін қорғау және балансқа келтіру стратегиялары енгізіледі», - деді Ғалымжан Пірматов.



Оның айтуынша, 2021 жылы мемлекеттік борышты, валюталық интервенцияларды және Үкіметтің шоттары бойынша басқа да операцияларды төлеу үшін еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің қысқаруына байланысты алтын-валюта резервтері 34,4 млрд долларға дейін 1,3 млрд долларға төмендеді.



«2021 жылдың қорытындысы бойынша, жалпы халықаралық резервтер 89,7 млрд долларды құрады», - деді ҰБ төрағасы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12