Қаңтарда ет өндірісі 5,3%-ға өсті

Қаңтарда ет өндірісі 5,3%-ға өсті
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл - 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары көрсеткіш.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (СЖРА) Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, (ҰСБ) Қазақстанда қаңтарда ет өндірісі 5,3%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
«Қазақстанда ет өндірісі 2022 жылдың қаңтарында 27 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары», - делінген хабарда.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес, қаңтарда 45 мың тонна (-10,5%) сүт, 263 мың тонна (+16,6%) ұн, 42 мың тонна (-5,1%) нан, 8 мың тонна (+3,8%) жарма өндірілген.