Қаңтар оқиғасы: 425 адам бас бостандығынан айырылды

Қаңтар оқиғасы: 425 адам бас бостандығынан айырылды
Сурет: Ktk.kz

Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп  хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Сот қарауларының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға үкім шықты, олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және тек 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды. Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс бар (қаруды заңсыз сақтау – 50, кісі өлтіру – 33, билікті асыра пайдалану – 40, ұрлық – 16, бұзақылық – 4 және т.б.), - деді С.Әділов.

Полиция тергеушілері қаңтар оқиғалары бойынша 4 642 қылмыстық іс қозғады. Олардың ішінде: ұрлық – 2,5 мың, қаруды ұрлау немесе сақтау – 710 факт, бұзақылық – 418, мүлікті жоюдың 199 фактісі, қарақшылық және тонау – 26.

971 істің өндірісі аяқталды, оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды.  Жалпы, бүгінгі таңда полиция тергеушілерімен 40 мыңға жуық тергеу әрекеттері жүргізілді, 15 мыңнан астам азаматтан жауап алынды және 2,5 мыңнан астам сараптама тағайындалды, - деді департамент басшысы.

Сондай-ақ 873 қару тәркіленді. Олардың 480-і табельдік болса, қалғаны - азаматтық қару.