Камчаткада күшті жер сілкінісі болды

Камчаткада күшті жер сілкінісі болды
Сурет: Ria.ru

Алғашында сарапшылар магнитуданы 5,7 деп бағалағанымен, кейін оны 6,9-ға дейін көтерді.

Жерасты дүмпулері Ресейдің Петропавловск-Камчатский қаласына жақын маңда болды. Басылымның мәліметінше, дүмпу күші 6 балды құраған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Біз қатарынан екі қатты соққыны сездік. Қабырғалар дірілдеген кезде кафеде отырғанбыз. Ғимараттың терезелері қатты сықырлады. Мен Камчаткада өмірімде бірінші рет зілзаладан кейін адамдардың ғимараттан қашып жатқанын көрдім. Кейбіреулер айқайлады», - деді жергілікті тұрғындардың бірі агенттікке берген сұхбатында.