«Қаламыз гүлдене берсін»: бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдады

«Қаламыз гүлдене берсін»: бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдады
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы алматылықтарды «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына атсалысуға шақырды.

Әйгілі спортшы халықты қалыс қалмауға, ортақ игі іске үлес қосуға, бірлескен күш-жігермен қаламызды таза әрі көркейтуге үндеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысыңыздар! Әр алматылық өзінің ауласын таза ұстаса, өзінің ауласын көгалдандырса Алматы қаламыз таза болады. Алматы қаласы көркейе берсін, гүлдене берсін!», - деді Ермахан Ибраимов. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.