Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары жұмысынан кетеді

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары жұмысынан кетеді
Сурет: Gazeta.ru

Мұндай шешімді Әдеп жөніндегі кеңес шығарған.

Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиді қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы шешім қабылдап, басқармаға ұсыныс жасады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек», - деп мәлімдеді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видео пайда болған еді. Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті дәрігер Лаура Мырзағалиға қатысты тексеру басталғанын мәлім етті.