Алматының символы

Алматының символы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қала күніне орай Алматы халықаралық әуежайында туристерді алмамен қарсы алады

Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы Шекаралық Бақылау Басқармасымен бірлесіп «Алматының символын сыйлаймыз» акциясын ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty-fkshamy.kz.

14-17 қыркүйек аралығында халықаралық жолаушылар терминалындағы паспорттық бақылау аймағында шетелдік қонақтарға оңтүстік мегаполистің жылуы мен қонақжайлылығын бейнелейтін жергілікті алмамен қарсы алатын болады. Сондай-ақ туристерге алдағы күндерге арналған мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларының тізімін қамтитын іс-шаралар күнтізбесі таратылады.

Алматыда осы ай бойы көрмелер, әдеби кештер, қайырымдылық және экологиялық акциялар, флешмобтар, конкурстар, спектакльдер, концерттер, спорттық турнирлер, жаппай жарыстар және т.б. өтеді. Осылай, туристер қалада болған уақытында мәдени іс-шаралардан бастап спорттық іс-шараларға дейінгі ойын-сауықтың алуан түрін тамашалай алады.