Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің конституциялық құқықтары қорғалды

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің конституциялық құқықтары қорғалды
Cурет: yujanka.kz

Алатау ауданының прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокурорлық қадағалау актісін енгізіп оның қаралу нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған бес жасөспірімнің жалпы оқытуға қатысты конституциялық құқықтары қорғады.

Бұл туралы Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Қуаныш Абильмажинова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап айтқанда, олардың 2-уі жасы кәмелетке толмағандардың үш жылдан астам уақыт оқу орындарына бармағаны, антисанитариялық жағдайда ұсталғаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің талаптарына сәйкес балалар іріктеліп алынып, Алматы қаласының балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Олардың ата-анасына қатысты ата-ана құқықтарын шектеу туралы сотқа талап-арыз жолданды. Сонымен қатар 3 бала жалпы білім беру мектебіне орналастырылды. Аталған олқылықтарға жол берген бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.  Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.