Израиль азаматтарының 50 елге баруына тыйым салды

Израиль азаматтарының 50 елге баруына тыйым салды
dw.com

Израиль үкіметі ел азаматтарының АҚШ-қа баруын тыйды. Бұл тізімде Америкадан бөлек, әлемнің тағы 50 елі бар, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Билік өкілдерінің айтуынша, Израильде жаңа штамм жұқтыру көрсеткіші қазір өте жоғары. Осы уақытқа дейін қауіпті инфекция 134 адамнан анықталған. Тағы 307-сі коронавирустың жаңа түріне шалдықты деген күдікпен бақылауға алыныпты. Сондықтан қазіргі жағдайда әр адам барынша сақтық танытуы керек, дейді ел Премьер-министрі. 

- Ел аумағында "омикрон" жұқтыру деңгейі артып барады. Сондықтан әрбір азамат жауапкершілік танытып, өзі мен жақындарының денсаулығына мұқият болуы керек, - дейді  Израиль Премьер-министрі Нафтали Беннетт.