Қазақстанға Vero Cell вакцинасының 3 млн дозасы жеткізілді

Қазақстанға Vero Cell вакцинасының 3 млн дозасы жеткізілді
Сурет:Montsame.mn

Індетке қарсы күрес

Елімізге Қытайдың VeroCell  вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстанға Sinopharm фармкомпаниясы жасаған Verocell вакцинасының 3 млн дозасы жеткізілді», - деп жазды Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

Бұған дейін,10 тамызда Sinopharm компаниясының бір миллион доза мөлшерінде VeroCell вакцинасының алғашқы партиясы келген болатын.