Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони қайтыс болды

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони қайтыс болды
Сурет: Egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өтті.