IT-технологиялар саласындағы әйелдердің әлеуетін дамыту жобалары таныстырылды

IT-технологиялар саласындағы әйелдердің әлеуетін дамыту жобалары таныстырылды
Сурет: Lifehacker.ru

IT технологияны игеру тетіктері талқыланды.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия алаңында әйелдердің цифрлық экономикадағы мүмкіндіктерін дамыту және әйелдер мен балалар үшін әлеуметтік маңызы бар IT-жобаларды практикаға енгізу мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева осы саладағы межелеген міндеттерді орындау маңызды дейді.

«Бұл жұмыстың басты басымдықтары - серіктестік үшін жағдайларды кеңейту, құнды таланттарды анықтау және әйелдер бастамаларының экономикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыруға жәрдемдесу. Бұл кездесу - осы мәселелерді шешудегі кезекті қадам», - деді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева. 

Екінші сессия аясында қоғамдық маңызы бар түрлі мәселелерді шешуге және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар жобалар таныстырылды. Соның ішінде, онлайн-білім беруді кеңейту, педагогтардың біліктілігін арттыру және мектептерді цифрландыру, жастарды тәрбиелеу мәселелері қамтылды. Сондай-ақ онкологиялық ауруларды анықтау және жүктілік пен босану кезінде әйелдерді онлайн-қолдау бойынша идеялар ұсынылды.