Интернет пайдаланушы қазақстандықтардың саны артып келеді

Интернет пайдаланушы қазақстандықтардың саны артып келеді
Сурет: Inform.kz

Қазақстан БҰҰ-ның ең цифрландырылған 30 мемлекетінің қатарына кіреді. 

Қазақстанда интернет пайдаланушылармен бірге интернеттің жылдамдығы да артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz energyprom.kz  сілтеме жасап. 

"2021 жылы 6-74 жас аралығындағы  жалпы халық  санында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылар үлесі 92,9%-ға жетті. 2020 жылы бұл көрсеткіш 88,2% болса, 2016 жылы 78,8%-ды құраған болатын", -деп жазады Energyprom.kz.

Мамандардың мәліметі бойынша, қазақстандықтардың өмірін жеңілдететін кез келген цифрлық шешімдер елді сапалы интернет байланысымен қамту деңгейін арттырумен бірге өзекті болып отыр. Speedtest.net деректері бойынша Қазақстанда тұңғыш рет мобильді интернеттің орташа жылдамдығы желіден жүктеп алуда 38,3 Мбит/с  және интернетке жүктеп салуда 13,2 Мбит/с жетті.

Өз кезегінде, мобильді операторлардың wi-fi арқылы таратылатын интернетінен жүктеп алу жылдамдығы 72,6 Мбит/с және желіге ақпаратты жүктеп салу жылдамдығы 69,8 Мбит/с болып, рекордтық көрсеткішке жетті.

Мұндай жағдайларда цифрлық сервистердің көбеюі және кез келген қызметтерді онлайн алу мүмкіндіктерін кеңейту — банктік өнімдер, жылжымайтын мүлік сатып алу, Мемлекеттік қызметтер қоғамның үйлесімді дамуы үшін өзекті бола берері сөзсіз.