ІІМ DALA INSIDE үстінен қозғалған істі тоқтатты

ІІМ DALA INSIDE үстінен қозғалған істі тоқтатты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұдан бұрын DALA INSIDE журналистерінің үндеу жасағанын хабарлағанбыз.

Ішкі істер министрлігі әділ тергеу жүргізіп, DALA INSIDE үстінен қозғалған істі қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өз тарапынан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева істі жеке бақылауында ұстап отырды.

Астана қаласы Полиция департаменті өз инстаграм аккаунтында тиісті хабарлама берді: 

Астана қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғыны "365info.kz" және "DALAINSIDE" интерфейстерінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша өтініш білдірді Оның өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Барлық тараптардың дәлелдерін зерделеу қорытындысы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Dalanews/DALA INSIDE редакцияларының ұжымы істі объективті қарастырған Ішкі істер министрлігі мен салалық қолдау білдірген Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдіреді.