Иерусалимде теракт жасалып, жеті адам қаза тапты

Иерусалимде теракт жасалып, жеті адам қаза тапты
сурет:rupor.md

Жеті адам мерт болды, көптеген адам жарақат алды.

Жұма күні Шығыс Иерусалимдегі Неве-Яаков ауданында синагога жанында террористік акт ұйымдастырылып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Израиль полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, еш кінәсі жоқ жеті адам мерт болды, көптеген адам жарақат алды.

«Иерусалимдегі террористік акт: кешкісін жергілікті уақыт бойынша сағат 20-30-дар шамасында террорист Иерусалимде Неве-Яаков бульварындағы синагогаға келіп, жақын арадағы адамдарға оқ жаудырған. Полиция бірден оқиға орнына жетіп, террористің орналасқан жерін анықтап, оған қарай оқ атты. Террорист қолға түсті», - делінген жергілікті полиция хабарламасында.

Осыған дейін сегіз адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады.