БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстан жағдайына алаңдаушылық білдірді

БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстан жағдайына алаңдаушылық білдірді
Сурет: Gazeta.ru

БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстанда адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырды.

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) мен Ауғанстандағы шиеленістің басқа да тараптарын барынша сабырлық танытуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жапсап.

Бұл жөнінде Бас хатшы кеңсесінің жексенбі күні таратылған мәлімдемесінде айтылды.  

«БҰҰ Бас хатшысын Ауғанстандағы жағдай алаңдатып отыр. Ол «Талибан» мен басқа тараптарды адамдардың өмірін сақтап қалып, оларды гуманитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін барынша сабырлылық танытуға үндеді», - делінген мәлімдемеде. 

БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ Ауғанстанда адам құқықтарының бұзуылуын тоқтатуға шақырды. БҰҰ Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті.