Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Алматыда ауа сапасы нашарлайды
сурет:nur.kz

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды.

«Қазгидромет» РМК 28 қаңтарда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Бүгін Алматы, Жезқазған, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.