Грекияда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті

Грекияда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті
Сурет: Ашық дереккөз

Оқиғаның себебі анықталып жатыр

Грекияда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. Тағы 66-сы жараланған. Көз жұмғандар әлі де артуы мүмкін. 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Лариса қаласы маңында болды. 350 жолаушы мінген теміржол көлігі жүк пойызымен соқтығысқан. Апат орнында өрт тұтанып, жолаушылар пойызының алдыңғы екі вагоны толығымен өртенді. Қарама-қарсы бағытта жүйіткіп келе жатқан екі пойыздың неліктен бір жолда қозғалғаны белгісіз. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

«Еліміз үшін өте ауыр күн болды. Трагедия. Құрбан болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жараланғандарға ем көрсету, мәйіттерді анықтау қажет. Апаттың себебін анықтаймыз. Бұған кепіл бере аламын. Мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакис.