Головкин мен Әлімханұлы The Ring рейтингінде көш бастап тұр

Головкин мен Әлімханұлы The Ring рейтингінде көш бастап тұр
Сурет: Vesti.kz

Беделді The Ring журналының рейтингіне қазақстандық төрт боксшы енді.

Орта салмақтағы үздіктер тізімінде бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші орынға жайғасқан. Екінші сатыда мексикалық Хайме Мунгия тұр.

Орта салмақтағы ТОП-10 тізімге Мейірім Нұрсұлтанов та енді. Ол сегізінші орыннан көрінді.

Екінші орта салмақтағы рейтингте үздік ондықты Әли Ахмедов түйіндеп тұр. Бұл дивизионда мексикалық Сауль Альварес көшбасшы әрі абсолютты әлем чемпионы.

Басқа салмақ санаттарында Қазақстан өкілдері жоқ.

The Ring нұсқасы бойынша, Pound-for-pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) жүйесінде үздік боксшы WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Александр Усик.