Германияда қар жауды

Германияда қар жауды
Сурет: Focus.ua

Германияның Ройтлинген қаласында бұршақ жауып, көшелерді қар басты.

Көшедегі қар мен мұзды тазалауға 250 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 30 см жеткен. Құбылмалы ауа райы елімізде де сақталады. Кейбір аймақтарда жел соғып, жауын жаууы ықтимал. Жалпы Қазақстанның басым бөлігінде ыстық болады.