Қарбыз дәні адам ағзасына қалай әсер етеді?

Қарбыз дәні адам ағзасына қалай әсер етеді?
Сурет: Tirshilik-tynysy.kz

Қарбыз дәнектері денсаулыққа қауіпті емес, бірақ оларды жемістің жұмсағымен бірге шамадан тыс пайдалану ішек проблемалары кезінде жағымсыз белгілерге әкелуі мүмкін.

Бұл туралы РИА Новости басылымына берген сұхбатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша маман Андрей Тяжельников айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, егер адам байқамай қарбыз дәнін жұтып қойса, ол соншалықты қауіпті емес.

«Бірақ қарбыз дәнін оның жұмсағымен қосып, көп жеудің қажеті жоқ, өйткені ішек проблемалары немесе тітіркенген ішек синдромы кезінде олар жағымсыз белгілерді тудыруы мүмкін», - деп атап өтті маман.

Ол сондай-ақ қарбызды қабығына дейін жемеуге кеңес берді. Себебі, егер жидекте нитраттар болған жағдайда,олар оның қыртысына жақын болады.