Газ қостыру құжатын алу тәртібі жеңілдетілді

Газ қостыру құжатын алу тәртібі жеңілдетілді
Сурет: Sovet-ingenera.com

Техникалық шарттар тегін және онлайн режимінде беріледі.

Қазақстандықтар үшін газ қостыру кезінде бірінші құжатты алу тәртібі жеңілдетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Техникалық шарттарды алуға өтінімді онлайн режимінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтындағы тұтынушының жеке кабинетінде, сондай-ақ компанияның өңірлердегі өндірістік филиалдарының мекенжайлары бойынша беруге болады», - деп жазылған хабарламада.

Энергетика министрлігіндегілер өтініш өңделгеннен кейін, дайын техникалық шартты SMS хабарлама түрінде жолданған сілтемеден жүктеп алуға болатынын түсіндірді.

Ведомстводағылар атап өткендей, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ құжаттарды беруді тегін жүзеге асырады.

«Техникалық шарттарды бергені үшін ақы талап етсе, сондай-ақ компания қызметкерлерінің заңсыз және сыбайлас жемқорлық белгілері бар әрекеттерінің басқа да фактілері анықталса, хабарлауды сұраймыз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірыңғай байланыс орталығына 5169 телефоны немесе +7 777 121 26 26 нөміріндегі мессенджерлер арқылы жазып, қоңырау шалуға болады. Қазақстан аумағынан қоңырау шалу тегін», - деді министрліктегілер.