Асханаларда түскі ас қымбаттады

Асханаларда түскі ас қымбаттады
Сурет: Ktk.kz

Қазақстанда сырттан тамақтану қымбаттап кетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, асхана қызметтері бір жылда 26,6%, фаст-фуд ұйымдарының қызметі - 17,1%, мейрамханалар мен дәмханалар қызметі - 20,6% қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Ай сайынғы динамика бойынша бағаның өсуін Жетісу өңірінің тұрғындары бірінші кезекте сезінді: бұл аймақта тамақтану бірден 13,9%-ға қымбаттаған. Алғашқы үштікке Шымкент пен Алматы облысы да кірді: сәйкесінше, айына +9,9% және +7,3%-дық өсім. Жеті облыста бір айда баға өзгерген жоқ.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең қатты өсуі дәл сол Жетісу облысында тіркелген: бірден 44,7% қымбатшылық. Бағалар Шымкентте (40,3%-ға) және елордада да (38,5%-ға) айтарлықтай өсті. Бағаның ең аз өсімі Павлодар облысында байқалды: мұнда жылына 6,2%-ға қымбаттаған.

Мейрамханалар мен дәмханалар қызметі бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында (44,4%), ең азы – Алматы қаласында (5,2%) тіркелді.

Фаст-фуд ұйымдарының қызметтеріне бағаның неғұрлым елеулі өсуі Атырау облысында (38%), ең азы – Павлодар облысында (4,5%) байқалды.

Асхана қызметі ең көп Жетісу облысында (52%), ең аз Павлодар облысында (7%) қымбаттады.

2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі бір айда 2,7%, бір жылда 23,4% қымбаттады.