Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді
Сурет: Olympic.kz

Спортшылар жетістігі

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионаты аясындағы кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күндері Иорданиядның Амман қаласында гандболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. "А" тобына түскен Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде Сингапурға қарсы ойнады. Екеуара кездесу 33:18 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді. 

Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Өзбекстан командасы болады. Қазақстан - Өзбекстан арасындағы матч 18 қыркүйек күні өтеді.