Француз инвесторының құқығы қорғалды

Француз инвесторының құқығы қорғалды
Сурет: Ortcom.kz

Прокуратура органдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру болып табылатын басты міндет қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын «Air Liquide» француз инвесторының проблемасы анықталды.

Аталған француз компаниясы өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.  

Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 млн теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды.

Жол берілген бұзушылық үшін Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 проблемалық кейсін шешті.

Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.