Франция Сovid-19 пандемиясының бесінші толқынын өткеруде

Франция Сovid-19 пандемиясының бесінші толқынын өткеруде
Cурет: Ашық дереккөз

Әлем жаңалықтары

Францияның премьер-министр Жан Кастекс елде covid-19 пандемиясының бесінші толқыны жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ал, елдің Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызылғандардың саны осы аптаның соңында жылдам қарқынмен өсіп жатқанын мәлімдеді. COVID-19 пациенттерінің күнделікті өсу көрсеткіші 61 340 құрады және бұл жаңа антирекорд. 

Қазіргі уақытта Францияда 52 189 810 адам немесе халықтың 77,3% - ы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, иммундаудың толық курсынан өткендер саны 47 742 082, бұл тұрғындардың 70,7 %. Ревакцинация аясында 11 529 364 екпе жасалды.

Ал, көрші Ресей Федерациясының 85 аймағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың ондаған мың жағдайы анықталды. Өткен тәулікте 30 288 адамда инфекция расталды. 

«Жұқтырғандардың 8% - ында аурудың клиникалық белгілері байқалған жоқ. Ауру салдарынан 1 171 науқас көз жұмды», - делінген инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында. 

Жаңа жағдайлардың ең көп саны Мәскеуде анықталды – 3 140, Санкт-Петербургте – 2 045 және Мәскеу облысында – 1 833. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресейде COVID-19 жұқтырудың 9 986 967 фактісі тіркелді.