Еуропада 500 мың адам covid-19-дан қайтыс болуы мүмкін

Еуропада 500 мың адам covid-19-дан қайтыс болуы мүмкін
Сурет: Uainfo.org

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай алаңдатарлық болжам жасап отыр.

ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюгенің айтуынша, егер ЕО елдері пандемияға байланысты шектеулерді күшейтпесе, бұл болжам жүзеге асуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

«COVID-19 кезекті рет біздің аймақта өлім-жітімнің басты себебі болып отыр, жаңа толқынның туындауы суық ауа райының жақындауына, бірқатар елдерде вакцинацияның төмен қарқынына және SARS-CoV-2 жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты», -деді Ханс Клюге.

Осыған орай Австрияда бүгіннен бастап жалпыұлттық локдаун енгізіледі, Данияда кинотеатрларға, түнгі клубтар мен мейрамханаларға бару үшін ковид-паспорттар  талап етіледі.