Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Еgemen.kz

Жиында несие мәселесі қарастырылады.

Сәрсенбі, 11 қаңтарда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде:

1. 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;
2. Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.