Енді WhatsApp-та да реакция жіберуге болады

Енді WhatsApp-та да реакция жіберуге болады
Сурет: Runet.news

Бұл мүмкіндік Android 2.22.8.3-те WhatsApp-тың beta нұсқасын орнатқаннан кейін пайда болады.

Енді WhatsApp мессенджерінің қолданушылары хабарламаға реакция қалдыра алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Runet.news-ке сілтеме жасап.

Келген хабарламаны ұзақ басып тұрса, бас бармақ көрсету, жүрекше, жылау, күлу, таңғалу, алғыс білдіру бейнесіндегі алты эмодзи шығады. Солардың бірі арқылы хатқа жауап беруге болатыны айтылған. Әзірге бұл функцияны қолданушылардың шектеулі саны ғана пайдалана алады.

Google Play парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, реакциялар жақын арада iOS және компьютерге арналған қосымшада пайда болады. Былтырғы желтоқсанда мұндай функция Telegram-да қолданысқа енгізілген болатын.