Елорда бір түнде қар астында қалды

Елорда бір түнде қар астында қалды
Суреттер: Egemen.kz

Елдің басым бөлігінде күн суытты

Бүгіндікке әлеуметтік желі қолданушы елорда тұрғындары қаланың ақ ұлпаға оранғанын жарыса айтуда. Жол қозғалысы қиындап, көліктер тайғанақтап, қиындықтар туындап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке cілтеме жасап. 

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында ауаның температурасы -1 градус шамасында. Қалада кептелістер пайда болып, жол-көлік оқиғалары да көптеп тіркелуде. Нұр-Сұлтан қалалық жол полициясының хабарлауынша, кеше, яғни өткен тәулікте, 96 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл әдеттегіден 1,5-2 есеге көп.

ҚазАқпарат ақпарттық агенттігінің мәліметінше, синоптиктер ертең Алматыда да ауа райы бұзылып, қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады деп болжауда.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.