Парижде Қазақстанның спорттық держава екенін танытуға міндеттіміз

Парижде Қазақстанның спорттық держава екенін танытуға міндеттіміз
Сурет: Inbusiness.kz

Токио Олимпиадасының нәтижесінен кейін спорт саласын дамыту мәселесі өзекті болып тұр.

Бүгін елордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Токио-2020 Олимпиадасының жеңімпаздарын жеңісімен құттықтау барысында осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік хатшы спортпен шұғылданатын халықтың саны артса, тиісінше, сапаның да жақсаратынын айтты.

«Бүгінде елдің бәрінде енді не істеу керек деген сұрақ туындап жатыр. Ең алдымен, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру және спортпен айналысуын қамтамасыз етуіміз қажет. Өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына жағдай жасамай, ірі жарыстарда жеңіске жетеміз деу әбестік. Сондықтан еліміздің барлық аймақтарындағы спорт мектептері мен үйірмелерінің жағдайына терең талдау жасалып, оларды қолдаудың кешенді жоспары жасалуы тиіс. Ондағы жұмысты жүйелеп, құр есеп пен бос көрсеткішке емес, нақты нәтижеге еңбектенген жөн. Халықтың салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортпен айналысуын дамытқан дұрыс»,- деді Қырымбек Көшербаев.